Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қашықтықтан оқыту білім технологияларын пайдалана отырып, тыңдаушыларды біліктілікті арттыру/қайта даярлау цикліне қабылдау

Қашықтықтан оқыту қайта даярлау/біліктілікті арттыру циклдеріне қабылдану үшін тыңдаушы поштаға элетрондық нұсқадағы өтінішті және цикл бастамастан үш апта бұрын transfuziologiya.npct@mail.ru электронды поштасына сканерден өткізілген құжаттарды жіберуге тиіс.

Циклге қабылданған тыңдаушының электрондық поштасына қашықтықтан оқыту жүйесінің (бұдан әрі – ҚОЖ) логині мен паролі жіберіледі. Логин мен парольді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

ҚОЖ-да толық курс материалы орналастырылған, мұнда тыңдаушы оқыту мерзімі аяқталғанға дейін тақырыптық материалды өздігінен оқи алады.

Барлық тапсырмалыр, ӨЖ, тестілер уақытылы тапсырылуға тиіс. Тыңдаушы тестілеуді өтпеген және тапсырманы тапсырмаған жағдайда цикл тыңдаушыларының қатарынан шығарылатын болады.

Ұзақ мерзімді (қайта даярлау) циклдеріндегі қорытынды бақылау,  тестілеу жұмысы ТҒӨО-да өтеді. Оны тапсырған кезде тыңдаушының жеке басын куәландыратын құжаты болу керек.

Сұрақтар, қашықтықтан оқыту жүйесінің жұмысында проблемалар туындаған жағдайда электрондық поштаға жазуға немесе телефонға қоңырау соғуға болады (байланыс ақпараты төменде көрсетілген).

Тыңдаушыны қайта даярлау/біліктілікті арттыру циклдеріне қабылдауға арналған құжаттар тізбесі:

Өтініш (төменде жүктеуге болады);

Тыңдаушының жеке карточкасын толтыру (төменде жүктеуге болады);

Жеке куәлігінің көшірмесі;

Медициналық оқу орнын аяқтағаны туралы дипломның көшірмесі,

Тегін өзгертуді куәландыратын құжаттың көшірмесі (диплом мен жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі сәйкес келмеген кезде);

Мамандық бойынша сертификат көшірмесі;

Интернатураны аяқтау туралы куәлік көшірмесі;

Еңбек кітапшасының көшірмесі.

Байланыс:
Мекенжайы:  Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10, 2 қабат, 206 кабинет.
Тел.: +7 (7172) 57-04-33 (177)
Барлық қажетті ақпаратты transfuziologiya.npct@mail.ru электронды поштасына жіберу керек
Жұмыс режимі: ДС-ЖМ (08:30-17:30, үзіліс 13:00-14:00)

Жаңалықтар