Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

Бос орындар

Донор кадрларын жинақтау бөлімшесінің дәрігері

Талаптар: «Терапия», «Кардиология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Терапия», «Кардиология», «Трансфузиология» мамандықтары бойынша сертификат.

Міндеттері:

– қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, стационарлық және көшпелі  жағдайларда донорларды медициналық тексеруден өткізеді;

-донорларды медициналық тексерудің сапасын қамтамасыз етеді;

-донациядан кейін, асқынған жағдайда донорға алғашқы медициналық көмек көрсетеді;

-донорларды тарту, өтеусіз ерікті және тұрақты донорлардың үлесін арттыру жұмыстарына қатысады;

_____________________________________________________________________________

Республикалық референс-зертханасының дәрігер-зертханашысы

Талаптар: «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша сертификат.

Функционалдық міндеттері: зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшемдерді өңдеу, жүйелеу, тіркеу және олардың есебін жүргізу, бөлімшенің орта  және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысын бақылау және ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу мен есеп беруді жүргізу, жүргізілген зерттеулерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындау, зертханалық жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын бақылау.

 

Бос жұмыс орындарының бар-жоғына қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастыру және кадр бөліміне хабарласыңыз. Байланыс телефоны  57-04-12 (ішкі 190, 137)

 

 

 

 

Жаңалықтар