Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Куанышева Гүлнар Мұратқызы
– бас бухгалтер |
Бөлім құрамы
Бөлім функциясы
ТҒӨО қаржылық және қаржылық емес активтер мен міндеттемелердің жағдайы туралы ақшалай жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтау реттеу жүйесі арқылы, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес кәсіпорынның бухгалтерлік есеп саясатын және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды есепке алу жүзеге асыру.
Бекітілген нормалар, нормативтер мен сметаларға сәйкес, мүліктер және міндеттемелердің бар болуын және қозғалысын, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының пайдалануын есепке алуды қамтамасыз ету.
Мүліктің бар болуын және қозғалысын, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануын бақылау.
Орталықтың қызметкерлеріне және қызметтерді ақылы көрсету шарты бойынша жұмыс үшін тартылған және Орталықтың тізім құрамында тұрмайтын тұлғаларға еңбек жалақыны уақтылы аударылуын және төленуін бақылау.
Салықтар мен басқа да төлемдерді дұрыс есептеу және уақытылы төленуін қамтамасыз ету.
Орталықтың даму жоспарын орындау үрдісінде туындайтын есеп айырысуды жүргізуді бақылау.
Ішкі шаруашылық резервтерін, шығыстарды және өнімсіз шығындарды алдын алуды анықтау мақсатында бухгалтерлік және есептілік мәліметтері бойынша кәсіпорынның, мекеменің қаржылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асыру (басқа бөлімшелер мен қызметтермен бірлесе).
Даму жоспарын іске асыру туралы жиынтық мерзімді және жылдық есеп беруді дайындау және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне және басқа да органдарға уақтылы оны ұсыну.