 |
Балтабаева Толқын Сансызбаевна – бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер зертханашы
|
Сапаны басқару және ішкі аудит бөлімшесі қан және оның компоненттерінің сапасын бақылауды, өндірістік процестерді бақылауды жүзеге асырады
Мыналар СБжІАБ сапа саласындағы негізгі басымдықтары болып табылады:
- Зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде көрсетілетін қызметтер сапасын ұдайы арттыру және менеджмент жүйесінің нәтижелілігін жоғарылату;
- Донорлық қан және оның компоненттерінің сапа көрсеткіштерін бақылау;
- Бактериологиялық бақылау;
- ТҒӨО-ның өкімдік және нормативтік құжаттарының жобаларын дайындауға қатысу;
- ТҒӨО бөлімшелерін сертификаттауға немесе аккредиттеуге және кейіннен мерзімді инспекциялық бақылауға дайындауға қатысу;
- Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жүргізілетін жұмысқа қатысу;
- Қызмет тұтынушыларына сауалнама жүргізу (донорлар, зертханалық ақылы қызметтерді тұтынушылар, медициналық қызметтерді тұтынушылар, медициналық ұйымдар), сондай-ақ жиналған деректерді талдау;
- Қан қызметінде, оның ішінде жоғары технологиялық әдістер мен жабдықтарды қолдана отырып, зертханалық зерттеулердің жаңа әдістерін енгізу;
- Қан орталықтарының зертханаларына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету.
Бөлімше қызметтері:
- Лейкофильтрлеуден кейін құрамында эритроциттері бар қан компоненттеріндегі, тромбоциттер концентратындағы қалдық лейкоциттерді анықтау;
- Плазмадағы қалдық жасушаларды анықтау;
- Перифериялық қанда, сүйек кемігінде, мононуклеарлы жасуша концентратында ядросы бар жасушаларды санау;
- Перифериялық қандағы, сүйек кемігіндегі, мононуклеарлы жасуша концентратындағы гемопоэздік дің жасушаларының санын айқындау. Олардың өміршеңдігін анықтау.