Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМШЕСІ

САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМШЕСІ (ССБҰБ) – Қазақстан Республикасының қан қызметі ұйымдарында зертханалық зерттеулердің сапасын сырттай бағалау бағдарламасын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 2014 жылы құрылған. ССБҰБ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол қан қызметінің Республикалық референс-зертханасының құрамына кіреді.

ССБҰБ Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде МЕМСТ ISO/ІЕС 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген. Аккредиттеу аттестаты 08.02.2023 ж № KZ.С.01.2015.

ССБҰБ-ның негізгі міндеті ҚР қан орталықтары зертханаларының және медициналық ұйымдардың трансфузиологиялық кабинеттерінің біліктілігін тексеру бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Қойылған міндетке сәйкес ССБҰБ Қазақстан Республикасының қан қызметінде қызметін жүзеге асыратын ұйымдар үшін зертханалық зерттеулердің біліктілігін тексеру бағдарламаларын ұйымдастыру және жүргізу функциясын орындайды.

  • Біліктілікті тексеру бағыттар бойынша жүргізіледі (аккредиттеу саласына кіреді):

– иммуногематология;

– инфекциялардың диагностикасы.

  • Біліктілікті тексеру бағыттар бойынша жүргізіледі (аккредиттеу саласына кірмейді):

– гематология;

– биохимия.

 

Біліктілікті тексеру бағдарламасы 2025 жылы өткізіледі:

1 тур – 07.04.2025 ж.

2 тур – 15.09.2025 ж.

 

Окончательные отчеты за 1 тур 2024 год

Окончательные отчеты за 2 тур 2024 год

 

 

Жаңалықтар