Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Барлық жерде және барлығы үшін» біртұтас ұранмен «Ерікті өтеусіз донорлық қан тапсыру» атты акция

2016 жылдың 29-шы сәуірінде «Мега Астана» сауда ойын -сауық кешенінде Қызыл Ай Қоғамы мен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы бірлесе отырып «Барлық жерде және барлығы үшін» біртұтас ұранмен «Ерікті өтеусіз донорлық қан тапсыру» атты акция өткізді.

Іс-шара 8-мамыр Дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Ай Қозғалысының күніне орай ұйымдастырылып отыр. Бәрімізге белгілі қан әрбір адам денсаулығы үшін өте маңызды элемент. Осы қымбат сұйық қордың бары, мына бейбіт заманда әсіресе кез-келген төтенше жағдайда айрықша сапалы, жоғары деңгейде технологиялық, медициналық көмек беруге мүмкіндік туғызудағы маңызы зор. Осыған байланысты, қанның қауіпсіз компонентімен қамтамасыз ету – мемлекет алдындағы стратегиялық тапсырма болып табылады. Оған қоса қауіпсіздік сұрақтары мен жалпы денсаулықты сақтау саласында маңызды мағынаға ие. Осы орайда, көпшілік халық арасында донорлық қан тапсыру мәдениетін арттырып, үгіт-насихатты кеңінен жүргізудің мағынасы зор екені анық.

Акцияның негізгі идеясы – әрбір адам қайырымды болуға қабілетті және «өмір тамшысымен» аса қажет ететін жандармен бөлісуге талпындырады. Донорлық – сағат сайын, минут сайын аса қажет! Өз қаныңмен бөлісу – яғни біреудің өмір сүруіне мүмкіндік бергенің.

Өткізілген акция бағдарламасының аясында, ұйымдастырушылар донорлық саласы бойынша сұрақ-жауап сайысын өткізді. Астана жалпы орта білім беру мектептері мен жоғары оқу орны студенттерінің арасынан талантты жастардың қатысуымен қонақтар мен қатысушыларға концерттік бағдарлама көрсетілді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтыр ұсынылды.

Жаңалықтар