Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Бүкіл әлемдік қан доноры күніне Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің кітапханасының ұжымы қолдау көрсетті
Бүгін, ерікті қайтарымсыз қан тапсыру акциясын қолдап Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің кітапханасы ұжымының атқарушы директоры Бейсенбай Жұмабеков бастаған 20 өкілді делегациясы Трансфузиологиялық ғылыми-зерттеу орталығына донор болды. Олардың екеуі қазіргі уақытта «Құрметті донор» атағын иеленген. Қызметкерлердің бірқатары мұндай акцияға бірінші рет қатысып, қан донорлары қатарына қосылды.
– «Бұл акция біз үшін жақсы дәстүрге айналды және біз алдағы уақыттары жалғастыратын боламыз. Біз мұндай қайырымды іске кітапхананың қызметкерлері мен оқырмандарды тартатын боламыз», – деді Бейсенбай Жұмабеков.