Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан қызметі бойынша халықаралық сапшылар қатысуымен брифинг

Қан қызметі бойынша халықаралық сапшылар қатысуымен брифинг:
«Қазақстанның қан қызметінің даму жетістіктері мен перспективалары: халықаралық сарапшылардың бағалауы»

Қазақстандық экономикалық саясаттты қайта бағдарлауға және әлеуметтік инфрақұрылымды геосаяси дағдарыс жағдайында дамытуға арналған Елбасы Жолдауына сәйкес, қан қызметі жүйелік техникалық жаңғртудан өтуде, сондай-ақ өзіңің интеллектуалдық және ғылыми негізін дамытуда. Соңғы бірнеше жылдың ішінде белгілі жетістіктерге қолжеткізілді, трансфузиялық терапия сапасын арттыру міндеттері шешілу үстінде.
Осыған орай, 2014 жылғы 20 қарашада Астана қаласында «Қазмедиаорталығында» қан қызметінің өзекті мәселелері бойынша брифинг өтті.
Брифингке халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Шығыс Еуропа және ТМД елдері трасфузиологтарының халықаралық қауымдастығы, Ауруларды бақылау және профилактикалау жөніндегі АҚШ оратлығы (CDC), Денсаулық сақтаудың американдық халықаралық одағы (AIHA).
Бриффинг барысында халықаралық сарапшылар Қазақстанның қан қызметін реформалау нәтижелеріне жоғары баға берілді.
Сарапшылар қан қызметінің қазіргі жағдайдағы дамуының тұрақты көрсеткіштерімен сипатталатынын атап өтті. Бұл осы салада жүйелік қайта құру жүргізудің салдарынан мүмкін болды. Өндеудің қосымша әдістерін пайдалана отырып қанды және оның компоненттерін дайындау технологияларының тәсілдерін бірегейлендіру; донорлық қанды екі кезеңдік тестілеу; жетекші әлемдік өндірушілерінің толық автоматтандырылған жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақаттандыру, – осы шаралардың барлығы ең жоғары талаптарға сәйкес келетін тиімді қан қызметін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Аураларды бақылау және профилактикалау жөніндегі АҚШ орталығы, Орта Азия бағдарламасының АИТВ/ЖИТС профилактикалау жөніндегі ғаламшар бағдарламасының атқарушы директоры Жанелл Райттың пікірінше CDC қан орталықтарындағы өндірістік үдеріс қалайша ұйымдастырылғанын өз көзімен бірнеше рет көру мумкіндігі берілді, Қазақстанның қазіргі заманғы қан қызметінің жұмысы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Қазақстанда донорлық қанды зертханалық тестілеу әдісін таңдау туралы мәселені шешу барысында CDC республиканың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне, халық денсаулығының индексіне және қан қызметі мамандарының біліктілігіне әлемнің 10-нан астам мемлекетінің қан қызметі сарапшылары берген бағасының негізінде консультациялық қолдау көрсетті.
Бүгінгі күнде Қазақстанда екі кезеңмен: ИФТ + ПТР, сондай-ақ адами фактордың әсерін толық болдырмайтын «жабық» үлгідегі толық автоматтандырылған жабдықты пайдалана отырып, донорлық қанды скринингілеу тәсілдерін жетілдіру талқылау қорытындысында сөз болды.
Профессор, Шығыс Еуропа және ТМД елдері трасфузиологтарының халықаралық қауымдастығының басшысы Евгений Борисович Жибурт Қазақстанда жүргізілетін донорлық қанды екі кезеңдік зерттеу әлемдік практикаға сәйкес келетінін және өңірдегі елдерінің ұқсас қан қызметтері үшін үлгі болатынын ерекше атап көрсетті.
Сонымен бірге, брифингте шешімі мемлекеттік құрылымдар мен қоғам тарапынан қатысуды қажет ететін қан қызметінің міндеттері де талқыланды.
Осылайша, ДСҰ басшысы, доктор Вуйнович Қазақстандағы қан донорлығының жағдайына комментарий берді және халықтың донорлық мәселелеріне деген көзқарасын зерттеуге бағытталған жүргізілген әлеуметтік зерттеу туралы баяндап берді.
Жүргізілген зерттеулер негізінде жақын перспективада БАҚ қатыстыра отырып, ведомствоаралық ынтымақтастықтың тетіктерімен Қазақстанда қанның ерікті өтеусіз донорлығын дамытуға бағытталған ұлттық стратегия әзірленеді.
Жалпы, доктор Вуйнович қан қызметінің жұмысын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар донорлыққа оң әсер еткенін айтып кетті, өйткені донациялар саны жыл сайын 5 %-ға өсуде. Бұл ретте, ерікті өтеусіз донорлар саны өсуінің нақты тенденциясы айқындалды.
Денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық жүйесімен бірегейлендірілген Қан қызметінің бірыңғай ақпараттық жүйесін (ҚҚБАЖ) құру мәселесі де талқыланды.
Қазіргі таңда ақпараттық сүйемелдеу міндетін республиканың қан орталықтары өз бетінше шешеді. Әр өңірдегі бағдарламалар әр түрлі, бұл болса басқа өңірдегі қан орталығына келген кез келген адамды база бойынша тексеру мүмкіндігі бар қан донорларының республикалық тіркеліміне бірігуге және оны құруға жол бермейді.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Ж.Бүркітбаев атап өткендей ҚҚБАЖ перспективада қан орталықтары арасында ақпаратпен алмасуға және инфекция жұқтырған тұлғаларды донациядан дер кезінде шеттетуге мүмкіндігін береді. Бұдан басқа, қан орталығындағы ақпараттық бағдарлама қан компоненттерін дайындау, тексеру мен сақтаудың толық өндірістік үдерісін автомататндыруға, одан әрі – гемоөнім тұтынушыларын (клиникалар) қосуға және ЕАҰ қан қорын басқаруға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат үшін
қоғаммен байланыс бөліміне жүгінуге болады:
тел. +77172543300 (192), ұялы тел.: 8 701 302 63 89 (Жанна)
bc.ast@mail.ru

Жаңалықтар