Ұлттық гвардияның 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері
қан тапсыру акциясына қатыстыҰлттық гвардияның әскери бөлімінде қан тапсыру акциясы өтті. Іс-шара игі істер марафоны аясында «Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын» ұранымен өтті. Бұл әскери қызметшілер қатысқан алғашқы донорлық акция емес. Қан тапсырар алдында акцияға қатысушылар қажетті алдын-ала медициналық тексеруден өтіп, хал-жағдайы мен денсаулығы туралы сауалнаманы толтырды. Әскери қызметшілердің арасында тәжірибесі бар донорлар ғана емес, алғаш рет қан тапсырған адамдар да болды. Бұл жолы 100-ге жуық адам донор болды.
Бүгін әскери қызметшілер ведомствасында үлкен және мейірімді жүректері бар адамдар қызмет ететінін тағы да дәлелдеді – өйткені олар өмірдің кез келген қиын жағдайында көмек қолын созуға дайын.