Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
27 қарашада Қазақстан Республикасының Жарты Қызыл Ай қоғамының Астаналық филиал кеңсесінде Трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығының қатысуымен «Қазақстандағы ерікті өтеусіз қан донорлығы мәдениетінің қайта жандануы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған астананың жетекші жоғары оқу орындары: «Тұран-Астана», «Астана» медициналық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті, Астананың салауатты өмір салты қалыптастыру орталығының өкілдері қатысты.
Филиал директоры А. Кумашева өзінің кіріспе сөзінде қоғамның ұйымдастырған кездесудің мақсатына қысқаша тоқталып, атқарылып жатқан қызметі туралы және оның ішінде еріктілердің дамуы және олардың қатарына жастарды, жоғары оқу орындарының студенттерін тарту туралы айтып өтті.
Шақырылғандардың назарына Жарты Ай Қоғамының «Қолданыстағы мигранттардың құқықтары» жобасының координаторы А. Ахметжанова «Қан қызметі» туралы материалын ұсынды. Ол Назарбаев универститінің жанындағы еріктілер Клубының жастардың қатысуымен әртүрлі іс-шаралар өткізудегі жасап жатқан көмектерін, сондай-ақ тіл курстарын ұйымдастыруда ЖОО өкілдерін тартуда және оқу орындарының жанынан «Клуб-25» жастар ұйымын құруға қосқан үлестерін атап өтті.
Жас донорлар клубының құрылу тарихы 1989 жылдан бастау алады, бұл Зимбабвенің мектептеріне бірінші рет «Уәде 25» пилоттық бағдарламасынан басталды. Ол бағдарламаның мақсаты әрбір мектеп бітірушілері мектеп бітіргеннен кейін 25 рет қан тапсыруға уәде берген болатын. Тап сол уақытта елде жастар донорлық клубы құрыла бастады, оның құрамы жастармен салауатты өмір салты туралы мәселелерді талқылап отырды. Осылайша, бұл жағымды идеяны жүзеге асыру дүниежүзіне таралып жалғасын тапты.
Өз кезегінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының өкілі Ж.Қожахметова ерікті өтеусіз қан донорлығын дәріптеуге, тұрғындардың донорлыққа белсенді қатысуы мен оған оң көзқарасын қалыптастыру тәрбиесіне және де өскелең ұрпақтың санасына донорлық мәдениеттің қалыптасуына бағытталған Орталықтың жанында және одан тыс өткізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды.
Кездесу қатысушылары «дөңгелек үстел» үстінде ұйымдастырушылардың ЖОО қабырғасында еріктілер клубын құруға және студенттермен ерікті өтеусіз қан донорлығы мәдениетін талқылайтын кездесулер ұйымдастыру туралы ұсынысын қолдайтынын білдіріп бір шешімге келді.