Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Қан біздің барлығымызды біріктіреді» деген тақырыппен Дүниежүзілік қан донорлар күні осы жылдың 14 маусымында Павлодар қаласында аталып өтті

Жыл сайын осы күні барлық облыстық қан орталықтары басқаның өмірін құтқаруға ерікті түрде және өтеусіз өз қандарын сыйлайтын, өтеусіз қан донорларын құттықтауға арналған іс-шаралар қатарын өткізеді.

2016 жылы Дүниежүзілік донор күні бірыңғай тақырыпта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарында «Қан біздің барлығымызды біріктіреді» деп хабарланған. Барлық іс-шаралар осы Күн шеңберінде «Өміріңмен бөліс, қан тапсыр!» ұранымен өтті.

Акция ұйымдастырушылары: Павлодарлық облыстық қан орталығы, «Болашақ» Ассоциациясы атап айтқандай: басты мақсаты тұрақты өтеусіз қан донорлығының мағынасы туралы халықтың хабардар болуын арттырумен қорытыланды.

Іс-шараға «Қызыл жарты ай» ПҚҚ волонтерлары, Павлодар облысы жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының «Жастар бастамалары орталығы» КММ өкілдері, журналистері, донорлар қатысты.

Өткізілген акцияның нәтижесінде осы жылдың 13 маусымы мен 17 маусымы аралығында, Қан орталығында ерікті өтеусіз негізде жалпы 174 донор қан тапсырды.

Жаңалықтар