Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекітудің 15 жылдығына арналған «Жас отандықтар» республикалық жастар форумында, мемлекетіміздің Елбасы, – осы мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің мызғымас негізінің бірі деп атап өткен болатын. Олар ұлы құндылық сияқты, біз Тәуелсіздік және Мемлекеттілік деп қарайтын ұлтты сақтайтын түп негізі ретінде Отанымыздың тәуелсіздік бейнесін біріктіруші, қасиетті білдіреді. Бүгінде Қазақстанның мемлекеттілігінің құрылуы бойынша тарихи тапсырма ойдағыдай орындалды деп сенімділікпен айта аламыз.
Жыл сайын 4 маусымда аталып өтетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын бүгін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталық ұжымының қатысуымен болып өтті.
Мемлекеттік рәміз – мемлекеттілік негізінің бекітілуімен байланысты, терең тарихи түбірі бар, бірден-бір қоғамдық феномен. Мемлкеттік рәміздерді қабылдау мәселелері ғасыр тереңінен кез келген елде мемлекеттіліктің аса құрамды бөлігі болып саналған.
Директордың орынбасары Наталья Тарасова өзінің баяндамасында атап айтқандай, Мемлекеттік рәміздер – геральдикалық бейне, еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің ғана дерегі емес, дегенмен де жаңа мемлекетті құрудың ең басты жолында мағлұмдалған, әлеуметтік саяси мәдениеттің және тарихи өзін-өзі танудың барлық ережелері бойынша құрылған. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің, оның ұқсастығын және егемендігін бейнелейтін ажырамас ерекшеліктерінің бірі.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран болып табылады. Бұлар Қазақстан Республикасының әрбір азаматтары үшін ерекше мақтаныш, – деп сөзін аяқтады баяндамашы. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының рәміздері туралы бейнефильмді көрумен және Әнұранды орындаумен аяқталды.