Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Медицина қызметкерлерінің күні – бұрыннан тойланып келеді, оны атап өту Кеңес Одағы тұсында 1980 жылғы 1 қазаннан бастап енгізіліп дәстүрге айналды. Кеңес Одағы құлағаннан соң кейбір елдер бұл мерекені атап өтпейтін болды, кейбірі күнін басқа уақытқа ауыстырды. Тек, Ресей, Қазақстан, Беларус және Украинада бұл мерекені әр жыл сайын маусым айының үшінші жексенб3с3нде атап өтіп келеді.
Медицина қызметкерлерінің мерекесі біздің елімізде – өзін медицина мамандығымен байланыстырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың күні.
Бұл айтулы күні Трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері өздерінің осындай ауыр жұмыстарына қорытынды жасап, жетістіктерімен қуантты. Осы мерекеге орай орталықтың бірқатар басшы қызметкерлері үкіметтің атынан марапатталды және министрілік, «Нұр Отан» партиясының атынан мадақтау қағаздары мен грамоталарына ие болды.
Орталық директоры Жандос Бүркітбаев ұжымды кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы уақыттарға табыс тіледі. Сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің атынан әкімшілік-шаруашылық істері жөніндегі директордың орынбасары Аркадий Литвак «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсалқасының, Сания Есенбаева «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсалқасыны иегері болды.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің атынан ішкі аудит және сапасын тексеру бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Г.Айтуганова, кадр-ұйымдастырушылық жұмыстары бөлімінің архивариусы Р.Кашкинбаева Құрмет грамотасына ие болды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің атынан Мадақтау қағазы Республикалық иммуногематология және клинико-биохмилиялық зерттеулер референс-зертханасының аға зертханашысы М.Унгарбаева мен осы зертхананың дәрігері Е. Курганскаяға табыс етілді.
Сондай-ақ, Орталықтың бір қатар қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы астаналық Есіл филиалының атынан осы кәсіби мерекеге орай мадақтау қағаздарымен марапатталды.