Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Астаналық №6 гимназиядағы донорлық акция

2017 жылғы 3 ақпанда астаналық Ю.Гуров атындағы №6 гимназияда донорлық акция өтті. Оқу орнының  конференцзалында  сағат 09.00 ден 13.00 дейін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының дәрігер-трансфузиолог, лаборант және басқа да қызметкерінен құралған көшпелі бригадасы жұмыс жасады.

Акция оқу орны басшыларының бастамасымен өткізіліп, ұжымның педагогикалық және техникалық қызметкерлері жоғары деңгейде донорлық белсенділік көрсетті.

Жақында ғана 18 жасқа толған  11 «Б» сыныбының оқушысы Бейбарыс Алдабергенов бірінші рет қан доноры болды. «Сенің қан тапсыруыңа жетелеген – үндеу ма,  қызығушылық па  әлде басқа себептері болды ма? » деген  сұраққа, ол: «Донор қаны мен оның компоненттеріне мұқтаж жандарға көмек беруге деген  ниетім» – деп жауап берді.

Гимназия басшылығының қан тапсыру бастамасына  60 жуық адам ниет білдірді. Олардың бірқатары экспресс-тексерулердің қорытындысы бойынша қан тапсыруға жіберілмеді. Осылайша барлығы 34 адам қан тапсырды.    Сондай-ақ бұл акцияға оқушылардың  мектепке жақын үйлерде тұратын  оқушылар  ата-аналары да  қолдау көрсетті.

Акцияға қатысушылардың барлығына  гимназия  директорының атынан алғыс хат  тапсырылды.

 

 

 

Жаңалықтар