Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Погондардағы донорлар: ІІМ қызметкерлері қан тапсырды

Полицей – бұл өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін мамандық, сондықтан погондардағы адамдар донорлықтың қажеттілігін басқалардан да жақсы түсінеді.
Жаңа жыл қарсаңында, 29 желтоқсанында, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп “Погондардағы донорлар” атты кезекті донорлық акциясын өткізді.
Іс–шараның мақсаты – донорлық қан өмірлік маңызы бар адамдарға көмек көрсету және олардың қатарына мүмкіндігінше көп адамды тарту.
Әлеуетті донорларды және жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін Орталық қызметкерлері 40-қа жуық тәртіп сақшысын қан тапсыруға жіберді.

“Біз ІІМ-нің барлық донорларына, сондай-ақ донорлық акцияны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтамыз және барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, жоғары гемоглобин және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Жақсы үлгісі көрсеткендері үшін рақмет. Біздің донорларымызға амандық пен табыс тілейміз!”- деп атап өтті орталықтың медицина қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай акция дәстүрлі түрде жүйелі өткізіліп тұрады.

Жаңалықтар