Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Жаңаша соққан 100 жүрек

Астанада трансплантологияны дамытуға және донорлықтың маңыздылығын атап өтуге арналған «Жаңаша соққан 100 жүрек» атты форумы өтті. Осы оқиға кардиохирургия мэтрі Юрий Владимирович Пя жүргізген маңызды операция – 100-ші донорлық жүрек трансплантациясына орайластырылған.

 

 

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері аталған тарихи оқиғаның бір бөлігі болды. Трансплантологияны дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова күн сайын өмірді құтқаратын абзал жандарға сертификаттар, мүсіншелер мен төсбелгілерді табыс етті.

 

ТҒӨО Басқарма төрағасы Сәния Әбдірахмановаға қан қызметі мен Орталық ұжымының атынан алғыс айтылды.

 

☝️ Мынаны есте сақтағаны жөн: донорлық қан болмаса, ағзаларды транспланттау процесін жүргізу мүмкін емес.

🩸 Транспланттау үшін қан мен оның компоненттерінің ауқымды мөлшері қажет.

🧬 Трансфузиология орталығының мамандары донорлық ағза мен реципиенттің иммунологиялық үйлесімділігін іріктеуге бағытталған күрделі зерттеулерді жүргізеді.

 

Донорлық — бұл барлығы өзара байланысты жүйе.

Қан қызметін дамытпастан, күрделі операцияларды жасау да, көрсетілетін жедел медициналық көмекті де көрсету, оның ішінде ағзаларға транспланттау жүргізу мүмкін емес.

 

1️⃣0️⃣0️⃣ — бұл жай ғана сан емес.

Бұл 100 құтқарылған өмір. 100 жаңа үміт. Жаңаша соғатын 100 жүрек.

Жаңалықтар