Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Қазақстан Республикасы қан қызметінің өткен жылы атқарған жұмысы және трансфузиологиядағы халықаралық тәжірибе»

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өткен  ғылыми-практикалық конференцияға өөатысушылардың назарына    Қазақстан Республикасындағы  қан қызметінің өзекті аспектілерімен, сонысен қатар  отандық  қан қызметінің басқа да мәселелерімен танысуға, қан қызметіндегі бруцеллезді диагностикалау алгоритм жобасымен және Қазақстанның Республикалық транфузиологтар қоғамы қызметінің жаңа бағыттарымен танысуға мүмкіндік болды.

Конференцияны  «Қазақстан Республикасы  қан қызметінің   2016  жылы  атқарған  жұмысының   нәтижелері» атты баяндамамен   Трансфузиология ғылыми-өндірістік  орталығының директоры Жандос Бүркітбаев ашты.

  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен 2016 жылы  қан қызметінің  қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстары жүргізілді,  қан компоненттерін қажетті сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  аймақтардың көпшілігі қосымша қаржыландырылады. Жаңа қаржылық мүмкіндіктер   тромбоциттер концентраттарын  міндетті инактивациясын 100%  өткізуді қамтамасыз етеді және  донорлық қанды өндеудің  басқа да заманауи  технологияларын пайдалануды кеңейтеді. ҚР Қан қызметі ТМД елдері мен Орталық Азия елдер арасында бірінші болып   тромбоциттер концентраттарын  инактивациясын 100% енгізуде және осы қадам трансфузиялық жолмен берілетін вирустық және бактериялық инфекцияларға қарсы пациенттердің қауіпсіздігін жоғары деңгейді қамтамсыз  етеді –деп  атап өтті баяндаушы.

 

Конференцияға ДДҰ өкілдерінің, Ресей Федерациясы, Германия, Бельгия және еліміздің облыстық қан орталықтарының  трансфузиологтары, денсаулық сақтау ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктер  өкілдері  қатысты.  Қатысушылардың  назарына,  трансфузиялық инфекцияның маркерлеріне  донорлық қанның скринингін ұйымдастыруда  әр елдердің тәжірибесі ұсынылды.

 

Жаңалықтар