Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Донорлық акциялар ҚР ҰҰ N6636 әскери бөлімінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 19132 әскери бөлімінде өтті. Жалпы алғанда, әскери қызметкерлер арасынан 150-ге жуық адам қан тапсыруға ниет білдірді. Әр жолы донор болғысы келетіндер саны артып келеді.
Алдын ала әскери қызметшілер міндетті медициналық тексеруден өтті. Өйткені, Қазақстанның қан қызметі жұмысының басты қағидаты – донор денсаулығының қауіпсіздігі.
Осындай бастамаларға әрдайым шын жүректен жауап беретін және осы дәстүрді қолдайтын бөлімдердің басшылығы мен әскери қызметшілеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.