Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Қан – өмір көзі»

Астананың лицей, гимназия және колледж оқушылары  «Қан-өмір көзі» тақырыбында өз білімдерін жетілдіруді жалғастыруда. Тек жас ұрпақ үшін ғана емес,  үлкендер үшінде қанның қасиеттері мен функциялары,  донор және донорлық туралы,   адам қанын еш нәрсемен ауыстыруға келмейтінін, ал тек донордан алуға болатыны – құпия емес.

Астанада Ғылыми-өндірістік қан орталығының мамандары апта сайын шығатын таныстыру рәсімінде қанның құрамы, рөлі және адам ағзасындағы маңызы туралы, кімге және қандай жағдайда донорлық қанның қажеттігі туралы, бұған кімнің көмек бере алатыны,  ерікті өтеусіз қан донорлығы туралы толығымен түсініктеме беруде. Осы аптада аталмыш кездесулер Астана қаласының №№ 72, 73  мектеп-гимназияларында да өткізілді.

Қан қызметі мамандарының оқушылармен кездесуі және әңгіме жүргізуі – қан донорлығын көпшілікке түсіндіру,  жас ұрпақты өтеусіз донорлыққа оң көзқарастарын  тәрбиелеу болып келеді.

Донорлық туралы сұрақтар және оған деген балалардың қызығушылықтары – әртүрлі қайшылықта. Егер бірі бүгін донор болуға дайын екенін жеткізсе,  18 жасқа толуын тосса, ал екіншілерін  донация құны қызықтырады. Қолданыстағы төлем тарифі соңғысының көңілінен шықпады. Осындай жағдайда мамандар, қан донорлығы – адал ниетпен көрсетілген қайырымдылық іс болуы керек деп терең түсіндіруге тырысады.  Қайырлы істі ақша үшін істеу мүмкін емес, өмірдің аса құндылығы – басқа адамға адал ниетпен көмектесу.

Донация – қан және оның компоненттерін тапсыру, егер тұлға қан, плазма немесе жасуша компоненттерін өз еркі бойынша тапсырса және ақашалай қаражат түрінде ақы алмаса немесе ақша ауыстыру ретінде қараса, ерікті және өтеусіз ретінде қарастырылады. Өтеусіз қан тапсыру – бұл трансфузиологиялық көмекті қажет ететін емделушіге адал ниетін, адамгершілігін және тілегін танытудың бірі  деп  атап өтеді Орталық мамандары.

2017 жылдың   25 сәуіріне дейін өткізілген презентацияларға қатысқан   жас өспірімдер саны   800-ден асты.

 

Жаңалықтар