Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2018 жылғы 5 қазанда Астана қаласындағы АҚШ елшілігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен (бұдан әрі – ТҒӨО) бірге қанның өтеусіз донорлығы бойынша «Қан тапсыр, өмір сыйла» атты акциясын өткізді. Акция Қазақстандағы қан донорлығын насихаттауға және қолдауға бағытталған.
Американдық дипломатиялық корпусы донорлық қозғалысқа бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Бүгінгі іс-шараға елшіліктің қазақстандық және америкалық қызметкерлері қатысты, онда …… адам қан тапсырды.
«АҚШ елшілігі ТҒӨО-мен екінші жыл тығыз қарым-қатынаста және қала мен өңірдегі қан банкін толтықтыру мақсатында қанды ерікті түрде тапсыру жөніндегі акцияны өткізеді. Бұл дәстүрге айналады деген үміттеміз. Себебі төтенше жағдайда елшілік қызметкерлері жергілікті қан банкіне сенім артып, жүгінетін болады, сондықтан біз қазақстандық әріптестерімізбен бірге жалпы іске ат салысқымыз келеді», – деді елшіліктің ресми өкілі Шон Бода.
Мұндай іс-шараны өткізудің басты мақсаты – адамдарға қан қорын толықтырудың қажеттілігін ескерту және барлық адамдарды өтеусіз негізде донор болуға шақыру. Өзіңіз білетіндей, қан денсаулықтың аса маңызды элементі болып табылады. Донорлық қан сағат сайын, секунд сайын қажет. Қанмен бөлісу – өзге біреуге өмір сыйлау дегенді білдіреді. АҚШ-та халық арасында қан донорлығын насихаттау мен үгіттеуге айрықша көңіл бөлінеді және де бұл қанды тапсырудың бірнеше ем-шарасына сәйкес жүргізіледі.