Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Бүгін трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған еліміздің барлық өңірлерінде жалғасатын «25 игі іс – Эстафетасы» әлеуеттік жобасын жүзеге асыру басталды. Жобаға «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы бастамашы болды. Жалпыұлттық қозғалыс белсенділері мен мүшелерінің қатысуымен бастау алған жобаның бірінші шарасы «Мен-донормын!» атты акциясымен ашылды. Қатысушылардың айтуынша, «25 игі іс – Эстафетасы» жобасының басты мақсаты – әлеуметтік төмен отбасыларға, мұқтаж отандастырымызға көмек көрсетуде, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалыс қызметіне қоғамның назарын аудартып, қызығушылығын арттыру болып отыр.
Қозғалыстың мүшелері мен оның қатысушылары ерікті өтеусіз қан тапсыру акциясының өте маңызды екенін түсініп, мұқтаж жандар үшін қан тапсырып, жалпы қан банкіне өз үлесін қосты.
– Біздің білетініміз, қан мен оның компоненттерін қайта құюдың арқасында жыл сайын миллиондаған адам өмірін құтқарып, қауіп-қатер төнген жандардың өмірін ұзартады, – деп қатушылар атап өтті.