Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация»

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ кезекті іс-шара ұйымдастырылды. Лицей қызметкерлері мен оқушылардың ата-аналары екінші жыл қатарынан ерікті және өтеусіз қан тапсыруға қатысып, салауатты өмір салты идеяларын насихаттайды, себебі қанды дені сау адам ғана тапсыра алады.
Мұндай акциялар өте маңызды, өйткені олар донорлықты насихаттауға әсерін тигізеді. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа донорлықтың артықшылығын, адам өмірін сақтап қалуға үлес қосудың маңыздылығын үйретеді. Қан донорлығы қашан да өзекті мәселе болып табылады, өйткені ауруларда демалыс күндері мен қолайсыз ауа-райы жоқ.
#мендонормын#астанадонор##донор#donor#қанорталығы#мендонорнұр-сұлтан