Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Қазақстан Республикасындағы қан қызметінің өзекті аспектілері»

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында 2017 жылдың 7 сәуірінде «Қазақстан Республикасындағы қан қызметінің өзекті  аспектілері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

         Конференцияға   Ресей Федерациясы, Германия, Бельгия, еліміздің облыстық қан орталықтарының трансфузиологтары, денсаулық сақтау ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктері  өкілдерінің  қатысуы күтілуде.  Қазақстан Республикасындағы қан қызметінің  2016 жылы атқарылған   жұмыстарының нәтижелері ұсынылатын болады.

     ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен  2016 жылы, қан қызметінің  қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстары жүргізілген,  қан компоненттерін қажетті сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  аймақтардың көпшілігі қосымша қаржыландырылады.  Жаңа қаржылық мүмкіндіктер   тромбоциттер концентраттарын  міндетті инактивациясын 100%  өткізуді қамтамасыз етеді және  донорлық қанды өндеудің  басқа да заманауи  технологияларын пайдалануды кеңейтеді. ҚР Қан қызметі ТМД елдері мен Орталық Азия елдер арасында бірінші болып   тромбоциттер концентраттарын  инактивациясын 100% енгізуде және осы қадам трансфузиялық жолмен берілетін вирустық және бактериялық инфекцияларға қарсы пациенттердің қауіпсіздігін жоғары деңгейді қамтамсыз  ететінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, семинар бағдарламасы аясында отандық  қан қызметінің басқа да аспектілерімен танысуға, қан қызметіндегі бруцеллезді диагностикалау алгоритм жобасымен және Қазақстанның Республикалық транфузиологтар қоғамы қызметінің жаңа бағыттарымен танысуға мүмкіндік алады.

Қатысушылардың  назарына,  трансфузиялық инфекцияның маркерлеріне  донорлық қанның скринингін ұйымдастыруда  әр елдердің тәжірибесі ұсынылады.

Анықтама: Республика бойынша трансфузиялық көмек көрсету медициналық мекемелердің саны – 464. Трансфузиялогия ғылыми – өндірістік орталығы  астананың  22 медициналық ұйымдарын қан және оның компоненттерімен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы 2016 жылы республика бойынша 202 000 адам донор атанды. Қан тапсырған және оның компоненттерінің  жалпы саны 265 000 құрады. Құрылымда жасушалар донорлығының үлесі өсті және барлық санның 5% құрады, қан тапсыру үлесі 84% құрады, плазма тапсыру үлесі 11% құрады.

 Лейкофильтрлік эритроциттер үлесі 67% құрады. Республика бойынша 2016 жылы дайын афарезді тромбоциттер үлесі орта есеппен 9% өсіп, 70% құрады. Тромбоциттің  патогенинактивті  концентратының үлесі өсті және бұл көрсеткіш 2015 жылғы көрсетілім 66% қарсы 73% құрады.