Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Елордалық ТЖ департаментінде «Донор күні» акциясы өтті

Ағымдағы жылғы 11-12 ақпанда Елордалық ТЖ департаментінде және Өрт сөндіру қызметінде «Донор күні» арнайы акциясы өтті. Аталған акция басқаларға сауығып кетуге мүмкіндік бергісі келетін жандарды жинады. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қызметкерлері ТЖ департаментінің және Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінен донорлық қан алды. Барлығы 100-ге жуық адам донор болды.

Қан тапсырып, көмек беруге Департаменттің және Өрт сөндіру қызметінің басшылығы мен жеке құрамы келді. Азаматтық міндеттерін орындауға тәжірибелі құтқарушылардан басқа Өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері де келді. Олардың басым бөлігі алғаш рет қан тапсырса да, бұл іске жауапкершілікпен келген: олардың барлығы медицина қызметкерлерінің ұйғарымына сәйкес қан тапсыруға дайындықпен келіп отыр.

Қан және қан өнімдерін құюдың арқасында жыл сайын миллиондаған адам өмірі құтқарылады, адам өміріне қауіп келтіретін жағдайы бар емделушілердің өмірін ұзартады. Мамандардың айтуынша қан тапсыру донордың өз денсаулығына да пайдалы. Донорлық ағзаның қан-тамырларын реттеп, иммундық жүйені нығайтады.

https://www.instagram.com/p/CLMTHObJvyZ/