Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

Жыл сайын 14 маусымда әлемнің барлық елдері Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтеді.  Осы мерекеге орай Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз туры өтті. Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ТҒӨО баспасөз қызметі ұйымдастырды.

Орталық қызметкерлері БАҚ өкілдеріне қан тапсырудың пайдасы, донорлық материалдың қауіпсіздігі туралы түсіндіріп, ТҒӨО зертханаларының жұмысын және донорлық қанды алу және өңдеу процестерін көрсетті.

«Біздің донорлық қанды зертханалық тестілеу және қайта өңдеу технологияларымыз АҚШ пен Еуропадағы қолданылатын технологиялармен бірдей. Халықаралық стандарттарды енгізу ерікті түрдегі қан донорлығын дамытуға, инфекцияларды анықтау мақсатындағы қанның зертханалық скрининг жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді. 2013 жылдан бастап скрининг ИФТ және ПТР екі әдісімен жүргізіледі. 2010 жылдан бастап біздің орталықтың базасында толық автоматтандырылған аналитикалық жабдықты пайдалана отырып, екі сатылы скрининг қолданылады. Бұл қан диагностикасында қателіктер жіберу фактілерін болдырмайды. ТМД аумағында мемлекеттік деңгейдегі зертханалық диагностиканың бұл әдісі тек Қазақстанда қолданылады», – деп атап өтті Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы Сания АБДРАХМАНОВА.

Биылғы жылы жаһандық науқан «20 жыл риясыз қуаныш: Рахмет Сізге, Донор!» ұранымен өтуде. Орталық дәрігерлері қан, плазма және тромбоциттер донорларына ризашылықтарын білдіріп, адамдарды жаһандық қан тапсыру қозғалысына қатысуға шақырды.

Ссылка на портал

Жаңалықтар