Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Дүниежүзілік қан доноры күніне – арналады …

Үстіміздегі жылдың 2 маусымында Астана қаласында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында Қан доноры күні өтті. Акцияға 40 қызметкер қатысты, олардан көшпелі топтың дәрігер-трансфузиологтарымен донацияға тек қана 22 адам жіберілді. Жалпы алғанда 11,3 литр консервіленген қан дайындалды.

Осы аталған іс-шара бүкіл әлемде жыл сайын 14 маусымда  аталып өтетін Дүниежүзілік  қан  доноры  күніне арналған айлық шеңберінде өткізілді. Жұмыс орнындағы көшпелі акция – бұл бос уақыт жетіспеген жағдайда қан тапсыруға ыңғайлы мүмкіндік.

Анықтама: «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ 2011 жылы құрылды және медициналық қызметті және сапалы сервисті ұсынатын Орталық  Азиядағы жетекші кардиохирургиялық клиниканың бірі болып табылады.

Орталықтың негізгі клиникалық бағыттары: туа біткен және жүрек ақауларын; жүректің ишемиялық ауруларын;  жүрек жеткіліксіздігі; жүрек соғысының бұзылуын емдеу болып табылады.

Орталықтың бірегей жетістігі  қосалқы қан айналым құрылғылары имплантациясын (VAD) және жүрек трансплантациясын жүргізу болып табылады.

Орталық денсаулық сақтау және ғылыми тәжірибенің ең үздік халықаралық моделі, қазақстандық сәйкестікті үйлестіретін кардиохиругиядағы ұлттық бренд ретінде дамып келеді. Осы бағытта Орталықтың серіктестіктері Германия, Италия, Бельгия, Франция, Түрция, АҚШ және  Израиль елдерінің жетекші клиникалары болып табылады.