Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Достық үйінде «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтті.

Елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып «Донор күні» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – донорлықты дәріптеу, қан мен оның компоненттерінің санын арттыру, қайырымдылыққа ат салысу болып табылады.
Күннің қолайсыздығына қарамастан, көрсетілген уақыттан бастап елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері, қала тұрғындары келе бастады. Олар орталық дайындаған барлық талаптарды орындап, қан тапсырды.
«Қан орталығынан құрылған арнайы топ, апта сайын түрлі мекемелерге барып, донорларды қабылдайды. Аптасына шамамен 70 литрдей қан жинақталады»

«Достық үйінде қан тапсыру үшін өте қолайлы және ыңғайлы жағдай ұйымдастырылған. Мен 2008 жылдан бастап донор атанып, бүгін 18 рет қан тапсырудамын. Бұл акция жөнінде 2 күн бұрын білгеннен кейін, май, өткір және ысталған тағамды пайдаланбадым. Дәрігермен кеңес жүргізілді, дене температурам, қан қысымым өлшенді», – дейді өзбек этномәдени орталығының мүшесі Гуламжан Жуманов.
Белгіленген уақытқа дейін шамамен 50 адам келіп.
Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық акциясы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Еріктілер жылындағы» алғашқы іс-шарасы болып табылады.