Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҚАЗАҚСТАНДА ШАМАМЕН 2000 ДОНОР ПЛАЗМА ТАПСЫРЫП, COVID-19 ШАЛДЫҚҚАН ПАЦИЕНТТЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

2020 жыл адамзат үшін өте ауыр жыл болды. Әлем коронавирус эпидемиясына тап болып, медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы күресте бірінші болып отандастарының өмірі үшін араша түсуге кірісті. Барлық елде КВИ қарсы емді белсенді іздеу шаралары басталды.

Коронавирустан емделіп шыққан адамдардың плазмасы науқастарда пассивтік иммунитет қалыптастырып, ауруға қарсы төтеп бере алатыны белгілі болған сәттен бастап Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы антиковидтік плазманы алу жұмысын бастады.

Республикамыздың көптеген түрғындары қауіпті аурудың барлық ауыртпалығын басынан өткеріп, науқас адамдар үшін иммундық плазма доноры болуды шешті.

Мұндай жағдайда донорлардың көмегі аса маңызды. Эпидемия кезінде Қазақстанда 2000-нан артық адам күрделі аурудан кейін иммундық плазманы қажет ететін адамдар үшін плазма доноры болуға уақыт тауып, ат салысты. Донорлардың арқасында еліміз бойынша 2280 донация орындалды, 6668 доза иммундық плазма жасалынды, ол қажетті тестілеуден кейін пациенттерді емдеуде пайдаланылды. Әрине, плазма панацея емес, ол негізгі еммен бірге кешенді түрде пайдаланылады, алайда плазма көптеген адамдарға көмектесті.

Бүгін біз COVID-19 иммундық плазма донорларына адам өмірін сақтап қалуға қосқан үлесіңіз бен жағдаға бейжай қарамағаны үшін қайта алғыс білдіреміз.

Құрметті донорлар, Сіздерге мың алғыс!