Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Академик Н.Д. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында көшпелі донорлық акция өтті

17 ақпан күні академик Н.Д. Батпенов атындағы ТОҒЗИ маңызды іс-шара – Донор күні акциясын өткізу үшін барлық жағдай жасалды.

Мұндай форматтағы шаралар жыл сайын жүргізіледі. Бұл 2021 жылы карантиннен кейін ұйымдастырылған бірінші акция. Бүгінгі іс-шараның өткен жылдары ұйымдастырылған акциядан еш айырмашылығы жоқ, дегенмен де санитариялық эпидемиологиялық ережелер күшейтілді, әлеуметтік арақашықтық сақталды, сондай-ақ барлық қатысушылар, ұйымдастырушылар, медициналық персонал жеке қорғаныс құралдары — бетперде мен қолғапты қолданды.

«Донорлық – бұл нағыз ерлік және өзге жандарға көмектесу шешімін саналы түрде қабылдау. Біз қанымызды бере отырып, басқа біреуге қанды ғана емес, өмір де сыйлаймыз», – дейді ТҒӨО дәрігерлері.

«Мен реанимациялық пациент үшін қан тапсырдым, өйткені ол адамда операциядан кейінгі анемия орын алды. Мен сегіз жыл бойы қан тапсырып келемін. Жылына – екі-үш рет. Бұл проблема емес. Пациентке қан тапсыру мен үшін дәрігерлік борышпен іспеттес. Мен пациенттерге көмектескенімді сезінемін. Қан тапсыратын адам өз қанын жаңартып тұрады. Мұнда қос әсерге қолжеткізуге болады. Қазіргі таңда «Қан орталығына» үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, донорлардың саны жетіспейді, карантин мерзімі, адамдар қанды аз тапсыратын болды. Ал науқастардың қатары болса, азаймайды. Олар қанға мұқтаж.», – дейді Бақытжан Сманов, академик Н.Д. Батпенов атындағы ТОҒЗИ реаниматолог дәрігері.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басшылығы академик Н.Д. Батпенов атындағы ТОҒЗИ ұжымына мұндай маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, медициналық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне зор денсаулық тілейді.

https://www.instagram.com/p/CLbC8wRJtL_/