Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

2022 жылдың 5.09 – 28.10 аралығында ТҒӨО-да трансфузиология бойынша сертификаттау курсы өтті

2022 жылдың 5.09 – 28.10 аралығында ТҒӨО-да трансфузиология бойынша сертификаттау курсы өтті. Медициналық ұйымдар мен аймақтық қан орталықтарынан 19 маман оқытылды. Білім беру бағдарламасында өндірістік және клиникалық трансфузиологияның негізгі бөлімдері көрсетілген. Сертификаттау курсының бағдарламасы сараптамадан өтті және республикада алғашқылардың бірі болып Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту Ұлттық ғылыми орталығының сайтында Қосымша білім беру бағдарламаларының каталогында орналастырылды.
Курстың барлық тыңдаушылары Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында қорытынды бақылаудан (кәсіби даярлығын бағалаудан) сәтті өтті.
2022 жылдың ішінде қан қызметінде жұмыс істеу үшін 31 трансфузиолог-дәрігер дайындалды.