Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Өтеусіз қан донорлар қатарында- ҚР ІІМ қызметкерлері

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Дүниежүзілік Жол көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шарасы шеңберінде кезекті рет қан тапсырды.

2005 жылғы 25 қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес қарашаның үшінші жексенбісін бүкіләлемдік жол көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл атаулы күні ҚР ішкі істер министрлігі бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды, оның қатарында 14 – 20 қараша аралығында өткізген «Жол ережесінің қауіпсіздігі» апталығы және ерікті өтеусіз донорлар акциясы бар.

Үстіміздегі жылдың 18-ші қарашасында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының жылжымалы бригадасы 25 ерікті өтеусіз донорларын қабылдады. Осылайша, адам өмірін құтқаруға полиция қызметкерлері өздерінің үлесін қосты.

Айта кетсек, жыл санап полиция қызметкерлерінің қатарынан өтеусіз қан донорларының көбеюі – донорлар қозғалысының динамикалық өсуіне оң әсерін тигізіп отыр.

Жаңалықтар