Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Астана қаласының № 6 мектеп-гимназиясында «Мен донормын» атты акция өтті.

Бүгін 2019 жылғы 18 қаңтарда Астана қаласының № 6 мектеп-гимназиясында донорлық акция өтті.

Қазіргі медициналық көмектің бір де бір түрі қан құю сияқты халықтың қолдауын қажет етпейді. Бүгінгі күні адам  – донорлық қанның дербес көзі болып табылады.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындардың, Астананың жоғары және арнайы орта  оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың қолдауымен көшпелі донорлық акцияларды өткізеді.  Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен донорлық қозғалысты дамытуға қала мектептерінің педагогикалық ұжымдары да өз үлестерін қосуда. Осындай акциялардың бірі елордадағы           № 6 мектеп-гимназиясында өтті. Орталықтың көшпелі бригадасы орналасқан жылжымалы донорлық қан қабылдау пунктіне мектеп оқушыларының ата-аналары мен мұғалімдері арасынан күннің бірінші жартысында 45 адам келді.

«Анықтама үшін: жасы 18-ге толған, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ, салмағы 50 кг артық, АИТВ-инфекциясы мен вирустық гепатиттер бойынша қауіп-қатер тобына жатпайьын кез-келген дені сау адам донор бола алады. Өзімен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болу қажет.

Әр донорға АИТВ, В және С гепатиттеріне талдау жүргізіледі. Оның нәтижелері донордың өзіңе ғана және құпия түрде айтылады.

Донорлық салауатты өмір салтын көздейді. Қанды тапсырған кезде – адам өмірін құтқарасың!

Егер Сіз донор болуға немесе ұйымыңызда/ЖОО-да акция өткізуге дайын бослаңыз 8(7172)54-33-00, ішкі 192, 87477565954 телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалуға болды.

Жаңалықтар