Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАҒИДАТЫН ЕСКЕ САЛДЫ

Бүгін Астанада халықпен кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты қағидатын еске салды.

«МӘМС жүйесі  – жинақтаушы емес және дербес шоттарды көздемейді, бірақ ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл медициналық көмекке жүгінбейтін азаматтардың жарналары жоғалып кетпейді, қайтарылмайды, бірақ емделуге мұқтаж басқа пациенттерге қайта бөлінеді дегенді білдіреді», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұл, әсіресе, құны 1 млн. теңгеден 40 млн. теңгеге дейінгі қымбат тұратын медициналық көмек көрсету жағдайларында, жинақтау жүйесі шеңберінде мүмкін емес айрықша технологияларды қолдану жағдайларында өте маңызды, деп қосты Ақмарал Әлназарова.

Жаңалықтар