Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Медициналық қызметкерлер күні

Медициналық қызметкерлер күні отандастарымыздың өмірін және  денсаулығын сақтау қайырымдылық ісіне  арнаған адамдардың мерекесі ретінде дәстүрлі тойланады. Бұл күні тек қана дәрігерлер мен мейіргерлер ғана емес, жалпы  медицина ғылымының тіклей қатысы бар, оның ішінде   емдеу және диагностикалық аурулар үшін жаңа құралдарды ойлап табатын инженерлер мен технологтар, химиктер, биологтар, зертханашылар, санитарлар және басқалар да атап өтеді.

Медициналық қызметкерлер күні – бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі дәрігерлерге, мейіргерлер, санитарлар, барлық жұмыскерлерге ризашылық білдіру, құрмет көрсету және алғыс айту үшін себеп болатын өз кезегіндегі мейрам. Іс жүзінде ақ халатты еңбек ететін жандар –басқа да кәсіптер өкілдерінен оларды ерекшелендіретіні бұл халық игілігіне қызмет ету, бұл қайсарлық пен мейірімділік.

15 маусым күні  Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері   де  денсаулық сақтау қызметінің басқа да салаларында еңбек етіп жатқан әріптестерімен қатар өздерінің  маңыздылығын, қажеттілігін ерекше сезініп, лайықты марапаттар мен алғыс алды.

HLA зертханасының аға зертханашысы Татьяна Ли «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісіне ие болды. Референс-зертханасының дәрігері Назира Ильясова денсаулық сақтау саласының Үздігі атанды, яғни  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты төс белгісімен марапатталды. Көп жылғы еңбегі және еңбек жолындағы жетістіктері үшін аға мейіргер Валентина  Шепель «Еңбек ардагері» (Ветеран труда) медалімен марапатталды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің құрмет мақтау қағазымен және алғыс хатына Орталықтың 4 қызметкері ие болды. Орталықтың бірқатар қызметкерлері Нұр Отан астаналық филиалынан және Астана қаласы денсаулық сақтаудағы салалық кәсіподағынан алғыс хатына ие болды.