Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

BI GROUP-ғы «ӨМІР ТАМШЫСЫ» АТТЫ ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ

2019 жылғы 6-8 ақпан аралығында «BI Group» құрылыс компаниясы адам өмірін құтқару үшін донорлық қозғалысқа қосылды. Орталығымыздың көшпелі бригадасы өз қызметін «BI Group» кәсіпорны базасында жкөрсетті.

Компания қызметкерлері қатарынан донорлар тізіміне қосылу бастамасын 200-ден астам адам қолдады, олардың 160-қа жуығы қан тапсырды.

Әр адам қан адам денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі екенін біледі. Донорлық қан күн сайын қажет. Сондықтан да орталығымыз қан донорлығын насихаттау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде, өйткені қан тапсырып, сіз басқа біреулерге өмір сыйлайсыз.

Күн сайын донорлық қозғалысқа қатысуға ниет білдірген ұйымдардың саны өсуде.

ТҒӨО басшылығының атынан іс-шараны ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін «BI Group» компаниясының басшылығы мен қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреміз.

 «Анықтама үшін: қан тапсыруға қарсы көрсетімдері жоқ, салмағы 50 кг-нан артық, 18 жастан асқан, АИТВ-инфекциясы және вирустық гепатит бойынша қауіп тобына жатпайтын кез келген адам донор бола алады. Өзіңізбен бірге жеке басыныңызды куәландыратын құжат болуы керек.

Әрбір донорға АИТВ,  В және С гепатиттеріне талдау жүргізіледі. Нәтижелер жеке өзіңе және құпия айтылады.

Егер Сіз донор болуға немесе өз ұйымыңызда/ЖОО-да акция ұйымдастыруға дайын болсаңыз 8 (7172) 54-33-00 (192) ішкі нөмір бойынша қоңырау шалыңыз.