Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында «гемопоэздік дің жасушалары (ГДЖ) және ерікті өтеусіз қан донорлығын қолдау жөніндегі акция Өмірге үміт сыйла» – деген ұранмен өтті. Акция астанада бастау алып, Қазақстан Республикасының барлық өңірлік қан орталықтарын қамтыды. Осылайша, бұл ГДЖ донорлығы мен қан донорлығын біріктірген республикалық ауқымдағы бірінші акция болды. Акцияны денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовты қосқанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ олимпиада чемпионы Илья Ильин де қолдады.