Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯ

«ҚР Ұлттық ұланы 6636 бөлімшесінің» әскери қызметкерлері ерікті донацияға қатысып, астанамыздың медициналық мекемелеріне арналған қан банкін толтырды.

Акция дәстүрлі шараға айналды, биыл 100 солдат астанамыздың медициналық мекемелеріне арналған қан банкін толтырып, ерікті донор атанды. Жол-көлік оқиғалары, жазатайым оқиғалар, жедел операциялар – күн сайын мыңдаған адам қан құюды қажет етеді және де әскери қызметшілер қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге дайын болады.

Барлық процедуралар қажетті сақтық шараларын сақтай отырып жүргізілді. Әскери қызметшілер сауалнама толтырып, денсаулық жағдайына алдын ала диагностикалаудан өтті, оның нәтижелері бойынша барлығы дерлік қан тапсыруға жарамды болды.

«Мен мұндай акцияға бірінші рет қатысып тұрмын, қанды да донор ретінде алғашқы рет тапсырайын деп отырмын. Мен адам бойында әлеуметтік ауапкершілік пен белсенді азаматтық позицияны дамыту керек, деп ойлаймын. Мен барлығын мұндай акцияларға қатысуға шақырамын. Көптеген адамдар қан құюға мұқтаж және де қан, оның компоненттерін үнемі қажет ететін пациенттерді де ұмытпағаны жөн. Қанды жылына бірнеше рет тапсыру керек, мен барлықтарыңызды игі іс жасауға шақырамын», – деді Д.С. Жанқабаев.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басшылығы әскери бөлімшенің басшылығы мен ұжымына жауапты көзқарас, мейірімділік пен күрделі эпидемиологиялық жағдайда қолдау көрсеткеніңіз үшін өз алғысын білдіреді.

https://www.instagram.com/p/CKVekYPpsXs/