Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Бүгін, 1 маусым күні Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Қан қызметінің Қазақстандық моделі. Тәжірибесі және келешегі» атты Халықаралық семинар жұмысын аяқтады.
Осындай шараны өткізу әлемдік медицина қоғамының көз алдында еліміздің беделін көтеруде үлкен мәні бар және, медицинада жоғары технологияны тиімді енгізетін, әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде Қазақстанды танытуға мүмкіндік береді. Осындай мазмұндама шара жолында семинар қатысушылардың пікірінен білінеді. Қатысушылар өздерінің көрген және естігендері туралы әсерлерімен бөлісті. Соның бірі – Ресейлік гематологтардың ҒЗИ зертханасының (Санкт-Петербург қаласы) басшысы, профессор Виталий Чеботкевич.
– Қазақстан Республикасының тәжірибесі біз үшін өте маңызды. Көңіл толарлық жағдай бұл, Қазақстанның қан қызметі, бағыт көрсетуге мүмкіндік деп айтуға тұрарлық үлгі болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан тәжірибесінің бүгінгі күнде аса маңыздылығы, ол осы уақытта біздер бақылауға алып үлгермей жатқан өте көптеген індеттердің таралуы кезінде. Сіздердегі осы бар атқарым, ТМД және Ресей Федерациясы елдері үшін маңызы зор. Семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз көптеген жаңа ой-пікірлер алдық, барлық Қазақстанның қан және денсаулық сақтау қызметіне жетістіктер тілеймін, – деді ол.
Семинар жұмысының екінші күнінде, оның қатысушылары Қазақстан Республикасының қан қызметінің жұмысын реттейтін негізгі нормативтік құқықтармен танысты. Орталықтың директорының бірінші орынбасары Сания Абдрахманова өз сөзінде ғылыми-өндірістік орталығының негізгі міндеттері мен функцияларына тоқталды. Трансфузиондық терапия қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру үрдісімен директордың орынбасары Шайжамал Мусабекова пікірімен бөлісті.
Бағдарлама шеңберінде семинар қатысушылары донорлық қанды індет маркеріне скринингілеу стандартымен және басқа да Қазақстанда заманауи қан қызметінің даму бағыттарымен танысуға мүмкіндікке ие болды. Тыңдаушылардың назарына директордың орынбасары Наталья Тарасованың «Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулықта және өңірлерде қан қызметінің қызметін үйлестіруде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының рөлі» атты баяндамасы ұсынылды.
– Біз көптен бері Қазақстандағы қан қызметінің дамуын қадағалаймыз, және соңғы жылдары қазақстандық қан қызметінің жеткен маңызды жетістіктерін атап өту көңілге жайлы. Және бұндай айтарлықтай үлкен жетістіктерде осындай кездесулер мен семинарлардың рөлі зор. Бізге осы жұмыстың көптеген бағыттары бойынша осы жетістіктерге теңесу керек. Қазақстанда отандық трансфузиология мектебінің құрылуы, осының
нәтижесінде өте жақсы мамандар бар. Сан ғасырлық қарым -қатынас біздің республикаларымыздың арасында сақталуын, дамуын және болашаққа жалғасын табуына тілектеспін, – деп Ресей Федерациясының Киров облыстық қан орталығының бас дәрігері Сергей Порохненко жақсы тілегін білдірді.
Жақын және алыс шет елдерден келген қонақтарға Орталықтың зертханалық жұмысымен танысуға, бөлім басшыларымен сұхбаттасуға, қойған сауалдарына толықтай жауап алуға мүмкіндіктері болды.
Шараға қатысушылар республикалық маңыздылығы бар жетекші клиникалар-Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барып және ғылыми жетістіктерімен танысты. Қонақтар үшін егеменді еліміздің жаңа астанасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барып қайтуға саяхат ұйымдастырылды.