Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Клуб 25

Жыл сайын дүниежүзінде қанның қажеттілігі артып келеді. Осыған байланысты дүниежізілік денсаулық сақтаудың маңызды міндеті ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту болып отыр. Бүгінде әлем елдерінде ерікті өтеусіз қан донорлығын дәріптеп насихаттау қызметі белсенді жалғасуда. Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қоғамы еліміздің тұрғындары арасында ерікті өтеусіз қан донорлығы мәдениетін қалыптастыруға қатысып үлкен үлес қосуда.

Осыған орай 8 қараша күні Астана Медициналық университетінің студенттерімен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қоғамының өкілдері кездесті. Кездесу барысында студенттерге ерікті өтеусіз қан донорлығы және клуб 25 туралы, клубтың қалай белсенді құрамына кіруге болатыны туралы айтып берді.

Жалпы, жас белсенділер клубының тарыихы 1989 жылдан бастау алады, онда алғаш рет Зимбабве мектептерінде пилотты «Уәде бер 25» бағдарламасы басталды. Оның негізі мақсаты мектеп бітірушілер орта оқуды бітіргеннен кейін 25 рет қан тапсыруға уәде берген болатын. Осы уақыттан кейін жас донорлар клубы құрыла бастады, оның құрамы жастар арасында салауатты өмір салты туралы пікір-таластар жүргізіп отырды. Осылайша қайырымды игі іс дүниежүзінде жалғасын тапты.