Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Қан өмір үшін  судай қажет»

 22/02/17                    

Бүгін, яғни 22 ақпанда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (әрі қарай Орталық) мамандары Астана қаласының  №66 мектеп-лицей  жоғарғы сынып оқушыларына «Қан – өмір үшін  судай қажет» тақырыбында презентация өткізді.

        Қан қызметі мамандарының оқушылармен кездесуінің басты мақсаты: Орталықтың  2017 жылдың  жоспарына сай  елімізде ерікті ақысыз донорлықты дәріптеу, болашақ донорлардың  ерікті ақысыз донорлыққа деген дұрыс  көзқарасын қалыптастыру.

     Көрнекті презентациялық материалдар арқылы Орталық қызметкерлері оқушылардың  адам ағзасындағы қанның құрамы, қызметі және топтары жайлы білімдерін жетілдіруге тырысты. Сонымен қатар қан кімге,  қандай жағдайларда қажет болатынын және кім донор бола алатыны жайында баяндады. Оқушылардың донорлыққа байланысты туындаған көптеген сұрақтарына қарапайым, түсінікті түрде  жауаптар берілді.

       -Донорлық –ол өзінің қанын ұсыну арқылы біреудің өміріне араша түсудің  ерекше мүмкіндігі.  Ал ол қадамға тек дені сау, саналы, жүрегі үлкен  адам ғана бара  алады.  Сол себептен, барлығыңызды салауатты өмір салтын ұстануыңызға шақырамыз  және донорлық қанға зәру адамдар арқашанда болатынын, олардың үміті үзілмейтінін есте сақтап  жүрулеріңізді сұраймыз- деп, аяқтады өз сөзін Ғылыми-өндірістік орталығының   трансфузиолог дәрігері Зәуреш Альменова.

     Анықтама: Астана қаласының  №66 мектеп –лицейі 2011 жылы құрылған. 1200 орынға арналған ортақ білім беру мекемесінде  2300 ден астам  бала дәріс алып жатыр.  Білім беру бағдарламасының басты бағыттары: физико-математикалық және химия-биологиялық.

   Мектепте 4,  2 лингафондық кабинеттер,  2-3D кабинеті,  сонымен қатар  мультимедиялық-интерактивті псевдоголографиялық кабинет,   заманауи үлгідегі   физика, химия, биология кабинеттері,    2 спорт  залы, 560 орындық  акт залы, хореографиялық зал, футбол, баскетбол алаңдары бар.

   Оқушыларды білім нәрімен сусындату жолында 165 ұстаз еңбек етуде, олардың ішінде : жоғары білімдісі – 153, орта кәсіптік – 12. Білікті педагог, тәжірибесі мол  басшы   Айтжан  Шаяхметова  басқарған ұжымда  1 профессор, 54 – жоғары санатты, 35 – бірінші санатты,  34 –  екінші санатты мұғалім еңбек етеді. Сонымен қатар мектеп іргесінде  3 – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі»,  «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағынының иелері, «Ы.Алтынсарин» тос белгісіне ие болған, «Білім саласын дамытудағы еңбегі үшін» медаліне ие болған мұғалімдер сабақ беруде. Бастауыш мектептің мұғалімі Светлана Бастемова «Жыл мұғалімі-2015» байқауының  қорытындысы бойынша «Үздік педагог» атағының иегері.