Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Бәрімізді қан біріктіреді

30 қыркүйекте Транфузиология ғылыми – өндірістік орталығының (ТҒӨО) қызметкерлері қан қызметтерін дамытуға бағытталған «Бәрімізді қан біріктіреді» акциясын Астана қаласындағы АҚШ елшілігінде өткізді.

ТҒӨО донорлық қозғалысын қолдап, осы арқылы адам өмірін құтқаруда нақты көмек көрсетуге бірінші болып Америка дипломатиялық корпусы келісімін берген болатын. Бұл іс-шараға 50 жуық адам қатысты. Оның ішінде басшылар, қатардағы қызметкерлер мен қарапайым қызмет көрсететін адамдар бар.

«Біз де Астана тұрғындары болғандықтан АҚШ елшілігі, ТҒӨО ұсынған қан донорлығын дамыту мақсатындағы қала мен орталықтарда қан банкін артыруға бағытталған іс-шараны қуана қолдаймыз» – деді АҚШ елшілігінің арнайы өкілі Рен Эльхай.

Америка Құрама Штаттарында да халық ортасында қан донорлығы мен мәдениетін насихаттауға үлкен мән береді және де бұл қан тапсырудағы бірнеше кезеңдік тексеруден өтетін бекітілген нақты рәсімдерге сәйкес жүргізіледі.

Осындай іс-шараны өткізудің басты мақсаты – адамдарға қан донорлығының банкін құру қажеттігі туралы ақпарат беріп, жақсылық жасағысы келген жандарды ерікті өтеусіз негізде донор болуға шақыру. Бәріміз білетіндей, қан азаматтар денсаулығының өте маңызды құрамы болып табылады. Донорлардың қаны әрбір сағат, минут сайын қажет. Өз қаныңмен бөлісу – біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлау.

Анықтама: Қазіргі таңда Қазақстанда донор қанына тапшылық жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған донорлықты дамыту көрсеткіші бойынша: Қазақстанда 1000 адамға шаққанда 25 болуы қажет, ал бүгінгі күні ол 1000 адамға шақққанда 17-18-ді құрап отыр. Астанада 1000 адамға шаққанда 54 немесе 40-45 мың жуық көрсеткіш тіркелген. Ұлттық деңгейде – бұл жылына 280 мың донор. Алайда, Қазақстанда бұл көрсеткіш жыл сайын артып отырады. Бұл қаладағы республикалық клиникалар санының көптігіне және оларға көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көлеміне байланысты. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қан дайындау көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы бестікке енеді.