Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Халықаралық мейіргерлер күнін мерекелеу

Бүгін, яғни 12 мамырда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында Халықаралық мейіргерлер күнін мерекелеу құрметіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Осы шараның алдында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жандос Бүркітбаев әлеуметтік желілердің парақшаларында, ресми сайтында құттықтау жолдаған болатын.

 «Мейіргерлер күні» мерекесінің туындау тарихы 19 ғасырдың басынан басталады. Бұл күні қайырымдылық қызметінің негізін салушы мейіргер Флоренс Найтингейл дүниеге келген. Крым соғысы уақытында соғыс әрекеті кезінде өлімнің азаюына едәуір жағдай туғызып, бұл әйел жаралы сарбаздарды күтуге алғашқы қызметті ұйымдастырған. Ол әлемде қайырымдылық мейіргерлер мектебін құру үшін қайырымдылық қорын ұйымдастырды. 1934 жылы Ф. Найтингейл атындағы Халықаралық қор құрылып, осы бастама бойынша Халықаралық мейіргерлер күні жыл сайынғы мейрам болып қалыптасты. Мейіргерлер болмаса медицинаны елестету қиын.  Статистика деректері бойынша мейіргерлерге ауруларды күту үшін 80 % ауыртпалық түседі екен.

Орталықтың мейіргерлер күніне арналған салтанатты жиынды құттықтау сөзімен директордың бірінші орынбасары Сания Абдрахманова ашты, ол денсаулық сақтау мекемелерінде мейіргерлердің рөлі зор екенін атап өтті. Осы   күні  барлық ұжым салтанатты түрде өзінің еңбек ғұмырнамасының 32 жылын қан қызметіне арнаған еңбегі сіңген мейіргер, еңбек ардагері Мария Капышқызы Пшембаеваны құрметті демалысына шығарып салды. Оның еңбегі алғыс хатпен және ұйымның кәсіподағы табыс еткен естелік сыйлықтармен ескерілді.

Ардагерді құттықтау сөзінде оның жемісті еңбегін және қан қызметіндегі көп жылдық еңбегі мен үлкен үлесін директордың медицина жұмысы жөніндегі орынбасары Шайжамал Мұсабекова атап өтті.

Кәсіпқойлығы және адал еңбектері үшін алғыс хатпен зертханашылар – Фариза Мирамбекова және Ұмсын Базарбекова, Арайлым Баймырза,  мейіргер – Мәншүк Жакупова марапатталды.

Салтанатты жиын жас мамандардың мамандыққа ие болу рәсімімен аяқталды. Орталықтың аға мейіргері, бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Дәмелі Сұлубекова өз сөзінде, осы жылда Орталықтың ұжымы Астана, Шымкент және басқа да қалалардың медициналық колледждерінің түлектері тобымен толықтырылғанын атап айтты.

Сөз кезегінде ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің маманы Гүлзада Досқазива жастарға тілегі мен ізгі құттықтауын арнап, бірінші рет еңбек кітапшасында жазылған алғашқы жазбамен таныстырды. Ал жастардың тәлімгерлері оларға сыйлық ретінде ақ халатты тарту етті.