Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
30 мамырда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Қан қызметінің Қазақстандық моделі. Тәжірибесі және келешегі» атты Халықаралық семинар өз жұмысын бастамақ.
Осындай шараларды өткізу өскелең мүддемен және Қазақстанның қан қызметін реформалау тәжірибесін білуге халықаралық медициналық қауымдастық тарапының назар аударуымен шартталған. Халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, қазақстандық қан қызметінің жаңа моделі еліміздің дамуына әкімшілік-территориялық бөлінуінің, ұлттың денсаулығының көрсеткіші және әлеуеттік-экономикалық деңгейінің есебімен халықаралық стандарт қызметіне негізделген.
Шараға халықаралық ұйымдар, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, жақын және алыс шет елдердің қан орталықтарының басшылары қатысады деп күтілуде.