Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Біз-таза қала үшін!»

Осындай ұранмен үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Астанада жарияланған экологиялық айы шеңберіндеЖалпы қалалық сенбілік өтті. Қатысушылардың арасында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, денсаулық сақтау объектілері, орта мектептер, жоғары оқу орындары, құрылыс ұйымдары, кіші және орта бизнес объектілері болды.

Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығының ұжымы өз кезегінде өз аумағында санитарлық тазалау және көгалдандыру, жасыл көшеттерді отырғызу және ағарту бойынша бір шама жұмыстар атқарды. Орталықтың қызметкерлерінің бірлескен күш – жігерінің арқасында, Орталық аумағы бірнеше сағат ішінде көз алдымызда таза, жайлы болып шыға кел ді. Ал сенбілікке  қатысқандар  өз еңбектерінің нәтижесіне мақтанышпен қарады.

Сенбілік – бұл тек аумақты абаттандыру және тазалау бойынша іс-шара ғана емес, сонымен қатар бұл үлкен еңбек ұжымын топтастыруға, бір біріне жақындай түсуіне мүмкіндік болып табылады.