Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Біз – таза қала үшін!»

Бүгін, 24 қыркүйекте Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының үлкен ұжымы «Біз – таза қала үшін!» деген ұранмен өткізіліп жатқан қалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік қаланың көгалданған абатты аумағын санитарлық тазалау бойынша жүргізілген экологиялық айлық шеңберінде өтті. Сенбіліктің әрбір қатысушы еңбекке қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде еңбек мейрамы ретінде өтті. Ойнап тұрған әдемі әуен мен жарқыраған күн шуағы шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сенбілік барысында орталықтың ауласы қурап қалған ағаш бұталар мен жапырақтардан тазартылып, жол мен тратуар жиектері ақталды. Орталықтың бүкіл ауласының көгалды алаңдары мен гүлбақтары алдағы қыстың аязды күндеріне дайындатылып, сыпырылып, тазартылды.

Айта кететін жөн, бұндай жұмыстар орталық алаңында тұрғылықты түрде атқарылып жатсада, тап бұл жолы ұжымммен жұмыла жасаған жұмыс қызықты да, әрі жеңіл болғандай.