Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері ұлттық киім киді, күмбірлеген домбыраның сазды үні кстілуде, әріптестер бір-бірін наурыз мерекесімен құттықтады.

Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Қазақ ұғым

ында бұл күні аспан жұлдыздары бастапқы нүктелеріне келеді. Күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі. Қыс ызғары қайтады. Төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Көктем құстары келеді. Қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» деп атаған. Наурызды мереке ретінде тойлау дәстүрі жер бетіндегі халықтардың бір қыдыруының тұрмыс салтында бар әдет.

Осы салтқа сүйене отырып, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері де атап өтті.

Қазақстан Республикасының бас трансфузиологы Ж.Қ. Бүркітбаев орталық қызметкерлерін Нурыз мейрамымен құттықтады.

Бұдан кейін Астана қаласы Жастар театрының талантты актерлері көркем теартлық койлымды қойды.

 

Дүбірлі той конкурспен, бимен, әнмен, жақсы көңіл-күймен, тамаша көрініспен ерекшеленді.