Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері үшін қан донорлығы тақырыбындағы Zoom конференциясын өтті.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 2021 жылғы 26 ақпанда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің @kazatu.press студенттері үшін қан донорлығы тақырыбындағы Zoom конференциясын өткізді.
Онлайн әңгімелесудегі қан донорлығын насихаттау және оның қажеттілігі, донациялауға дайындалудың жолдары туралы ТҒӨО қанды және оның компоненттерін дайындау бөлімінің бірінші санаттағы дәрігер-трансфузиологы Зәуреш Елікбаевна Альменова жауап берді.

Зауреш Еликбаевна донорлықтың маңызды тұстарын атап өтті, сонымен қатар жиі қойылатын сұрақтарға да жауап берді:
Донациялар арасындағы интервал?
Тапсырылатын қан дозасының бір реттік мөлшері қандай?
Анемия кезніде донор болуға болады ма?
Бала кезінде А гепатитіне шалдықсан, донор бола аласың ба?
Ерлер мен әйелдер жылына неше рет қан тапсыра алады?
Қан тапсыру үшін қандай қарсы көрсетілімдер бар?

ТПП 20 тобының кураторы – Ахметова Венера Шаймуратовнаға ТҒӨО атынан алғыс білдіреміз.
Мұндай кездесулер қаламыздағы студенттер арасында ізгі дәстүрге айналатынына үміт артамыз.