Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Өмірге үміт сыйла

«Өмірге үміт сыйла!» – осындай атаумен Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы көшпелі бригадасының қатысуымен 2016 жылдың 4 қарашасында «Ғазірет Сұлтан» мешітінде ерікті өтеусіз қан донорлығы акциясын өткізді.

Акцияға 50 жуық мешіт қызметкерлері мен осы күні мешітке мінажат ету үшін келген адамдар қатысты.

Инн Аббас (оған Аллаһтың ризасы болcын) айтқан: “Алланың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болcын, айтты: Емдеуді үш нәрседен іздеуге болады: сусын ішуден, балдан, пышақпен қан алып, отпен күйдіруден”. (Әл-Бухари, 10/136).

Ғалымдар жалпы қабылданған қан донорлығын – өмірді сақтаудың құралы екенін дәлелдеп отыр және де бұл шынайы адамгершілікке жетелейтін иг іс.

……Егер біреу басқа адамға өмір сыйлайтын болса немесе өлімнен сақтап қалса – бұл барлық адамзаттың жандануымен пара-пар. (Әл-Майдан, 36 аят).