Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҚАН БАНКІ ТОЛТЫРЫЛДЫ

Бүгін Трансфузиология орталығының көшпелі бригадасы жоспарлы түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ғимаратында қан құю пунктын ұйымдастырды.

Осы донорлық акцияны өткізудің басты мақсаты – азаматтарды қан банкін құрудың қажеттілігі туралы хабардар ету және барлық адамдарды ерікті өтеусіз негізде донор болуға шақыру.

Қан азаматтардың денсаулығының өте маңызды элементі болып табылатыны белгілі. Донорлық қан сағат сайын, минут сайын қажет. Қанмен бөлісу -біреуге өмір сүру мүмкіндігін беру. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның бас офисінің қызметкерлері арасынан осы акцияға қатысушылар дәл осындай мақсаттарды көздеді. Жалпы алғанда 26 литр қан тапсырылған, 50 адам ерікті донор болды.

Анықтама үшін: Қоғам қызметінің негізгі мәні мемлекеттік қызметтерді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштер қабылдау жөніндегі жұмыстарды, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін ұйымдастыру және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру болып табылады.