Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Бүгін, жоспарлы тәртіпте Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі тобы «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (KEGOC) АҚ ғимаратында қан құю пунктін өрістетті.
Осы донорлық акция өткізудің басты мақсаты – қан банкін толықтыру қажеттігі туралы адамдарды ақпараттандыру және ерікті өтеусіз негізде донор болуға барлық бей-жай емес адамдарды тарту.
Белгілі болғандай, қан адам денсаулығына аса маңызды элемент болып табылады. Донорлық қан әр сағатта, әр минута қажет. Өз қанымен бөлісу – яғни біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлау деген сөз.
Дәл осындай мақсатты Акционерлік қоғамының бас офисінің қызметкерлері санынан осы акцияға қатысушылардың көздегені. Ерікті донорлар саны 49 адамды құрады.
Анықтама: «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» Акционерлік қоғамы (KazakhstanElectricityGridOperatingCompany) (KEGOC) 1997 жылы шілде айында құрылған және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы болып табылады.
Компанияның миссиясы – кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау стандарттарына, техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарына сәйкес Қазақстанның БЭЖ сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету.
Келешегі – 2015 жылы «KEGOC» АҚ өңірлік ауқымда электр энергетикалық саласында әлемдік деңгейде және орталық құзыретіндегі Компания атану.